Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  395


Автор: Балта Қосбармақ

Туған далам!..

Туған далам!
Байтағым!
Қасиеттім!
Дұшпаныңа найзағай – жасыл, отпын.
Кең жазирам!
Жайнаған жан дүниеңмен
Оларды да өзіңе ғашық еттің.
Айтылмаған сен жайлы сыр қалмаған,
Қырларың көп сонда да жырланбаған.
Бір отты жыр туады сен туралы
Төсіңде әр перзентің – туғанда Адам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу