Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  299


Автор: Балта Қосбармақ

Маңқыстауым!..

Маңқыстауым!
Сансыз белес-белес құм,
Туып сенің топырағыңда, мен өстім.
Көкірегіңде көшіп-қонған шағылдар –
Гүлзар бақтан маған бір кем емессің!
Қынжыламын –
«Құлан жортпас безер шөл»
Деген ғайбат әлдекімдер сөз өрсе.
Жатса қанша тереңдікте суларың,
Соншама есе биік тұр ғой өз еңсең!
Соны айтқандар қырық құлаш тереңнен
Құдық қазып,
Суыңды ішіп көрер ме?!
Көрсе, ішсе...
Өмір бойы тамсанып,
Өтеріне кепілдікті берем мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу