Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  90


Автор: Балта Қосбармақ

Туған жер

Қисайсам егер –
Көрпе ғып,
Көк шалғыныңды төседің.
Өзіңе етем еркелік,
Өзіңе қарап өсемін.
Қақаған қыста жамылдым
Тон етіп аппақ қарыңды.
Ақ жаңбырыңа шомылдым,
Тазартып шаңнан жанымды.
Биікке ұмтылсам,
Қол созам
Өзіңнің заңғар көгіңе.
Содан да болар,
Басқадан
Артықтау көрем сені мен.
Кезімде шаршап-шалдыққан
Тауыңа арқа сүйедім.
Сондықтан болар,
Сондықтан
Мен сені мәңгі сүйемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу