Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  316


Автор: Балта Қосбармақ

Ей, өмір, саған ғашықпын!

Кетермін кейде мұң жайлағанда жасып тым,
Құтыла алар ажалдан, сірә, қашып кім?!
Мен бірақ мынау «Өмір» деп аталатұғын
Тірлікке ғажап ғашықпын!
Кей-кейде тіпті артықтау сөйлеп кеткенмен,
Есіме ап күнді үмітсіздікпен өткерген;
Өмірге осы ғашықпын –
Тұратын ылғи арнадан асып,
Төгілу менен жетпеуден!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу