Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  85


Автор: Балта Қосбармақ

Бақыт туралы

Біреу айтар: «Бар Бақытың – байлығың,
Болсын сосын жұртты жасқар айбының».
«Ал шынында, Бақыт деген немене?»
Деп ойланып жүрем Бақыт жайлы мың.
Шындығында,
Бақыт деген немене?
Бақыт өзі адамды іздеп келе ме?!
Болмаса әлде «Мынау – сенің Бақытың»
Деп, мөлшерлеп біреу әкеп бере ме?!
Жоқ! Жоқ!
Егер білсем мен,
Өлшенбесе керек Бақыт өлшеммен!
Өзге Бақыт өзі-ақ іздеп табады –
Ең алдымен азамат бол ел сенген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу