Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  81


Автор: Балта Қосбармақ

Жалындау керек өмірде...

Жалындау керек өмірде,
Жалынбау керек, тегінде.
Жалыну болар,
Әй, сол-ау
Түбіме жетер менің де.
Көшесін мынау тірліктің
Талайлардікі – бос таптау,
Жылжыпты жылдар, сырғып күн.
Біреулер алға бастапты-ау...
Осыдан мен бір сырды ұқтым:
Асқақтау керек, асқақтау,
Қас қақпау керек, қас қақпау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу