Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  95


Автор: Балта Қосбармақ

Жалын атпай жігітше, жиырма жасым...

Жалын атпай жігітше, жиырма жасым,
Жетпістегі қарт болып толғанасың,
Жетпістегі қарт болып ойланасың...
Жиырмада да, жүзде де жер боласың –
Сындырған шөптің басы болмағасын,
Өз көңілің өзіңе толмағасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу