Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  110


Автор: Балта Қосбармақ

Жиырмадамын

Мен бүгін жиырмадамын.
Толған арман өн бойым, толған ағын.
Жиырмадағы бөрікті аз дейсің бе,
Аз да болмас ұлдары кең даланың.
Тыңда мені, Дүние,
Жиырмадамын,
Тұла-бойым тұнған жыр, арда дарын.
Тыңда мені, Дүние,
Жиырма жылың –
Жеті мың үш жүз күнің
Мен боламын!
Жиырмадамын,
Мен, міне, жиырмадамын,
Жиырмадағы бір жігіт,
Сол ғанамын.
Қошеметті күтем-ау,
Бірақ әлі
Естілген жоқ ешкімге салған әнім.
Алынған жоқ бас бәйге – жүлдем менің,
Жар салып та мен тіпті үлгермедім.
Он тоғыз жыл, отым-ау, жанбадың ба,
Әлде күтіп жиырманы жүрген бе едің?!.
9.01.1981 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу