Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  82


Автор: Балта Қосбармақ

Өлең, саған оралам!

Көп аунамай өнер деген шалғынға,
Мен өлеңнен ерте кетіп қалдым ба?!
Жүрегімнен жыр ата алмай,
Мен өзімді күнәһардай сезінем –
Ағындаған жылдарымның алдында,
Жазылмаған жырларымның алдында.
Күндер үшін күйкі тірлік тонаған
Мен өмірден әлі талай кек алам.
О, дүние,
Түсін мені, нұр-таңмен,
Ақындардың түсіндегі тұлпармен
Мен өлеңге,
Мен өнерге оралам!
Мейлі, менен күдер үзсін көп адам,
Мен бәрібір
Өлең, саған оралам!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу