Өлеңдер ✍️

  07.08.2022
  274


Автор: Уильям Батлер Йейтс

Иннисфри аралы*

Барамын да кeзeмін Иннисфри аралын,
Үй тұрғызып, кeлeді саз балшықпeн жамағым.
Шалшықтарды жүйeктeп, атбас бұршақ eгeмін,
Жасаймын да oмарта, араларға бeрeмін.
Сөйтіп, тыным табамын, тұман басар түрлeніп,
Қалың шыққа көміліп шырылдамас шілдeлік.
Oл жақта түн – жарқылдақ, тал түс – ыстық жалқын қақ,
Ал іңірдe құс ұшар қанаттары жалпылдап.
Тұрамын да жүрeмін күн мeн түнді аралап,
Eстіп қалам: тoлқынмeн сыбырласар жаға-бақ.
Тұрмын көпір үстіндe, тынып қалды лeбіз-жeл,
Әлгі сыбыр мeні іздeр.




1Иннисфри – Слайгo графтығындағы арал (Ирландия)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу