Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  377


Автор: Бесінбай Бегеніш

МҰХТАРДЫ ТУҒАН ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛЫҚПЫН

Иесі едің талантың да , күштің де,
Иесі едің шеберлік пен істің де.
Кезіп кетті бүкіл қазақ дүниенің бұрышын,
Мініп алып кітабыңның үстінде .
Атап өттік ардақтысын алыптың,
Есіміңмен марқайып та қалыппын.
Күйін, мейлі , күндесең де өзің біл,
Мұхтарды туған қазақ деген халықпын!
* * *
Гомер мен Дантес және Толстойды,
Бальзактан Абайым да қалыспайды.
Кезінде оны өзің көрсетпесең
Шынардай бізден шалғай алдыстайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу