Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  208


Автор: Бесінбай Бегеніш

ЕҢБЕКТІҢ ОТЫ ЛАУЛАСЫН

Тынымсыз еңбек қарсы алып жатыр көлбеңдей,
Ортада өзі , құдасы жаңа келгендей.
Мызғып-ап, тағы қайталап тірлік бейнетін,
Адамбыз ғой жатпайтын тыныш көрге енбей...
Бойкүйіз, жалқау,еріншек бәрі-ығатын
Тіл тауып көппен , түсінісіп , ұғатын.
Көргендей сені шапшаңдық қимыл жарасқан ,
Деп едім-ау сен сабалап биік шығатын.
Сыр тартпақ боп ұсындым саған дәптерді,
Иісініп қарап, айтсам –ау деп гәптерді,
Жырым – сырым арналар саған бүкпесіз
Әрқашанда қайнатасың еңбек сәттерді.
Алтын кездік қап түбінде шөккен бе?
Еңбегің жансын ащы тер қатты төккенде.
Қызығып көріп , ұрпағың терсін жемісін
Жарқылдап көрін ертерек келген көктемде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу