Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  78


Автор: Қазданбай Қосжанов

ҚЫТАЙ ҚЫЗЫНА

Пана боп көпке,
Самғайды көкке
Көгершін тынбай қалықтап.
Гүлдей-ақ жазғы,
Күлесің назды
Қолыңда сәби шалықтап.
Күле бер Ана,
Отаны пана
Тынбасын сәби уілі.
Шалықтай түссін,
Батыр боп өссін,
Дарымас дұшпан у тілі.
Ұстар ол мәңгі,
Қолына сәнді
Жұлдызды туын мақтана.
Сол шақта өзің,
Күлімдеп көзің
Жүресің сапта шаттана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу