Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  103


Автор: Қазданбай Қосжанов

БАТЫР БЕЙНЕСІ

Жамылғы – күздің аспаны,
Панасы – шатқал тастары.
Бейуақыттүнгі мезетте,
Тұрды сол солдат күзетте,
Сазды окоп, шинель – төсегі,
Оққа ол кеуде төседі.
Тағы да айқас сарт та сұрт,
Ажал тұр аяқ басса мүлт.
Қараңғы түнді бүркеніп,
Аттаса қауіп тұр төніп.
Осылай төрт жыл өтті өмір,
Төбеден көк те төкті нұр.
Солдатқа құшақ жайды әні,
Думанды еңбек майданы.
Комбайн – енді салт аты,
Өзі сол майдан солдаты.
Сонау бір күннен қалыпты із,
Төсінде бүгін қос жұлдыз.
Біреуі – батыр келбеті,
Біреуі – еңбек зейнеті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу