Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  71


Автор: Қазданбай Қосжанов

ЖАЙЛАУ ТАҢЫ

Таң шапағы орап алып қырқаны,
Бозша торғай аспанда әнін шырқады.
Аймалайды жібек самал жай ғана,
Деп тұрғандай: «Ұйқыңды ашшы, тұр, кәне».
Ғашықтардай аңсап келген сол шақта,
Гүл арнады тамшы – шыққа – моншаққа.
Ертеменен қой соңында жас шопан,
Көз тігеді сағым буған дөң жаққа.
Ойға кеткен адамдай боп тұңғиық,
Өр табиғат райлана тұрды ұйып.
Кең жайлаудың осынау бір паң қалпы,
Кетті менің жас жаныма нұр құйып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу