Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  95


Автор: Қазданбай Қосжанов

УАҚЫТ

Уақыт, зымыра тынбастан,
Көрсетпе күнімді мұң басқан.
Жазайын, жаттайын жаңа жыр,
Өмірдің өзі – бір тың дастан.
Туған соң халық үшін, ел үшін,
Шарлайық қыран боп бұлт ішін.
Жерден де, көктен де көрейін,
Сәбидің шаттанған күлкісін.
Уақыт, бастай бер, алға шын,
Күн көзін бұлт перде шалмасын.
Ертең де көрейін досымнан,
Бүгінгі күлкінің жалғасын.
Ақ таңның нұрынан нәр алып,
Табайын тақырып жырға анық.
Сұлулық құйылып жаныма,
Жыр мүсін шықсыншы қырланып.
Уақыт, зымырап тынбастан
Құшақ аш, адамға нұрлы аспан.
Жазайын ғажайып сырыңды,
Жазайын өзімше жыр-дастан.
Уақыт, мен сенің қожаңмын,
Арманға қолымды созам мың.
Өмірден шалқуды үйрендім,
Өмірден тер төлеп, сөз алдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу