Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  103


Автор: Айсырға Қилыбаева

ІҢКӘР ЖҮРЕК

Сағынышым, алыстан сазың жетті,
Сені күтіп көктемім, жазым өтті.
Тағатым да таусылды күте-күте,
Тынши алмай, жүректен маза кетті.
Қайырмасы:
Мен айтатын әндердің әуенінде, іңкәрім,
Менің сыршыл құпия әлемімде.
Сенің тұлғаң тұрады қайталанбас, іңкәрім,
Махаббат па, тағдырдың әлегі ме?!
Аясында көңілдің мұң түнеген,
Кездерімде мұңайып, мен жүдеген
Түпкірінен түнектің шығады алып,
Сенің іңкәр жанарың мөлдіреген.
Қайырмасы.
Ғашық әнім сен болдың шалқығанда,
Жүрек жалын-сезімде балқығанда.
Сен тұрасың көңілді күлкім болып,
Жанарымның ұялшақ жарқылында.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу