Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  135


Автор: Айсырға Қилыбаева

ГҮЛ-БАҒЫМ

Аспанымда жарқыраған күн, айым,
Сеніменен ашылды ғой шырайым.
Қызықтаймыз түнгі аспанның жұлдызын,
Қарсы аламыз таңның аппақ арайын.
Қайырмасы:
Мені сендей түсінетін жан қайда,
Жасарамыз, жаңарамыз әр таңда.
Мен өмірге ғашық болып келемін,
Сәулем, сенің арқаңда.
Сұлу сезім жанымызда гүлдесін,
Қасымдасың, өміріммен біргесің.
Желбіретіп ақ желегін арманның,
Махаббаттың әлпеншегі тербесін!
Қайырмасы.
Қос аққудай қатар жүзіп барамыз,
Махаббаттың қоңырауын қағамыз.
Ордамызды нұр мен дуға толтырып,
Мәңгі бірге шырақ болып жанамыз.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу