Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  144


Автор: Айсырға Қилыбаева

ҚИМАЙМЫН

Құшағынан арайдың
«Сен бар ма?!» деп қараймын,
Аңсағаным, аяулым, арманым.
Жаздың аппақ шуағы,
Жанарыңда тұнады,
Өмірде бар сұлулық
Махаббаттан, махаббаттан тұрады.
Бақ құсымсың басымда,
Жан сырыңды жасырма,
Алыстама, асылым,
Болшы мәңгі қасымда.
Қайырмасы:
Аққу-сезім, нұрлы айдын –
Бәрін саған сыйлаймын.
Өзге жанға өзіңді қимаймын.
Алаулаған жүзіңнен,
Мөлдіреген көзіңнен
Бақытымды сезінгем,
Кездескенде өзіңмен.
Бір мұңайып, бір күліп,
Қарамашы сыр бүгіп.
Жарқырайды нұрлы үміт, арман-ай!
Күлімдеген көздерің –
Сәулесі ғой үміттің,
Менен басқа ешкімге
Сырыңды ашпа, сүйіктім.
Жан гүлімді солдырма,
Бар бақытым – қолыңда,
Сыңғыр күлкі, сұлу саз
Тарқамасын ғұмырда!
Қайырмасы:
Шуағым сен шашылған,
Гүлің едім ашылған,
Кетпе менің қасымнан, асылым.
Махаббаттың бал әні –
Пәк сезімдей әдемі.
Қатар жүзген аққулар –
Әсемдіктің дәлелі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу