Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  68


Автор: Айсырға Қилыбаева

ӘКЕ

Ойнап сағым көкжиектерде,
Соны қуып, бой жетпедім бе?!
Құлазып, жылап тұрдым,
Алыстап, әке, сен кеткеніңде.
Қайырмасы:
Сен шуағым болып шашылмадың ба,
Мен гүл болып ашылғанымда?!
Сағындым.
Мен – ұланмын саған ілескен,
Кетпейді, әке, бейнең бір естен,
Бір естен, әке.
Қарап сенің аяулы бейнеңе,
Қиналам, мұң батып кеудеме.
Алыстап, аңсаттың да,
Көрінбей кеттің сен неге?
Қайырмасы.
Қырандар қанат қақанда,
Аспан шырағын жаққанда
Көре алмадың, әке,
Ақ таң күліп атқанында.
Қайырмасы.
Жабырқау жаным, арманым – алау,
Әкесіз күндер – көңілге қаяу.
Өзіңе арнап ән салдым,
Алдымнан самал еседі баяу.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу