Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  87


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖОҚ

Теңіздің төбесі жоқ,
Көңілдің көнесі жоқ.
Аспандай кеңшілік жоқ,
Өлмейтін тіршілік жоқ.
Сәбидей әмірші жоқ,
Жемқордай жәбірші жоқ.
Адамның білмейтіні жоқ,
Көздің көрмейтіні жоқ.
Ақылдың таба алмайтыны жоқ,
Құлынның шаба алмайтыны жоқ.
Жаңаның ескірмейтіні жоқ,
Өсектің естілмейтіні жоқ.
Масаның шақпайтыны жоқ,
Жалқаудың жатпайтыны жоқ.
Баланың жыламайтыны жоқ,
Секіргеннің құламайтыны жоқ,
Қанағатсыздың сұрамайтыны жоқ.
Жаздың жылытпайтыны жоқ,
Қыстың суытпайтыны жоқ.
Жастардың күлмейтіні жоқ,
Ғұламаның білмейтіні жоқ.
Алмастың кеспейтіні жоқ,
Біздің теспейтіні жоқ,
Дананың шешпейтіні жоқ.
Байлаудың шешілмейтіні жоқ,
Уақыттың өшірмейтіні жоқ.
Аңқаудың адаспайтыны жоқ,
Сығанның бал ашпайтыны жоқ.
Арманның аласасы жоқ,
Қазаға арашашы жоқ.
Туыстың артығы жоқ,
Жалғыздың шаттығы жоқ.
Сабырлының жетпейтіні жоқ,
Сабырсыздың төкпейтіні жоқ.
Өмірде өзгермейтін жоқ,
Адамға кез келмейтін жоқ.
Мұңсыз адам жоқ,
Шусыз ғалам жоқ,
Адамдай жебір жоқ,
Жебірсіз өмір жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу