Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  154


Автор: Айсырға Қилыбаева

БАУЛЫБАЙ АҒА 70-ТЕ

Еңбектен бақыт тапқансың,
Ағайын, жұртқа мақтансың.
Омырауыңа толтырып,
Алғыстан алқа таққансың.
Адамды тұрмыс билейді,
Жақсыны жаман илейді.
Алдына ұстап, пір тұтқан
Мақтағым келді жеңгемді.
Сызат түспей көңілге,
Бақытты болып өтіңдер!
Жарасқан әсем жұп болып,
Гауһар тойға жетіңдер!
Ұлдарың – піскен жемісің,
Қыздарың – жайған өрісің.
Ұрпаққа үлгі-өнеге –
Ел үшін еткен көп ісің.
Өткелден өтіп қаншама,
Ақ қырау басты шалса да;
Айбары болып ауылдың,
Алдымда жүрші, жақсы аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу