Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  166


Автор: Айсырға Қилыбаева

СҮЛЕЙМЕН АҒАНЫҢ 70 ЖАСЫНА ШАШУ

Өмірдің жолы – ойпат пен қырат, ирелең,
Жан бар ма екен табаны тасқа тимеген?!
Күйремейтіндер өрлейді күнгей қияға,
Адамдық мақсат рухы алға сүйреген.
Жақсы мен жақын таныған бүгін есімін,
Тұғыры еткен киелі Қазақ бесігін;
Адамдық асыл қасиеттерді арқалап,
70 қаңтардың қағып тұрсыңыз есігін.
54 жылда ақ халатын бір шешпеген,
Ленинградта 9 жыл қызмет істеген.
Алматыда 10 жылдай «ғалым» атанып,
Маңғыстауда да өз биігінен түспеген.
Мұратым дейтін мақсатын жалғап арманға,
Қамқор боп жүрген науқас пен майып жандарға;
Ұлықпаннан да ұзақтау ғұмыр бересіз
«Тіршілік» дейтін аз күндік фәни жалғанға.
Ізгілік істің басы-қасында жүресіз,
Қаншама жанның алғысын алып келесіз.
Нұх пайғамбардай ғаламға тірлік таратқан
Медицинаның азығын артқан кемесіз.
Білікті маман, кәсіби талант, дарасыз,
Ұғымы терең, парасаты биік ағасыз.
Әдебиет пен мәдениетті зерделеп,
Жақсы жырлардан жан ләззатын табасыз.
Абырой, бедел сатылмайды ешбір ақшаға,
Халқыңыз сізді құрмет тұтса, бақ сана!
Қызды қияға, ұлды ұяға қондырып,
Нұрсағилаңмен жарқырап жүрші, жақсы аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу