Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  89


Автор: Айсырға Қилыбаева

ШӘКІРТ СӘЛЕМІ

Армысың, айналайын алтын ұя,
Баулыған қанат қағып, талпынуға.
Өзіңе алып келген ән, жырым бар –
Бағым да, байлығым да, тартуым да.
Ұшырған алтын ұям түлек қылып,
Дарыған ұстаз сөзі жүрекке ұйып.
Шәкіртпін, баршаңызға сәлем берем,
Басымды алдарыңа иіп тұрып.
Үлгі алған асыл апа, ағалардан
Талайдың талант оты жанады алдан.
«Өнер – жастан» дейтұғын сөз қалыпты
Қорғасынды балқытқан даналардан.
Өсу бар, танылу бар, жаңару бар,
Жас ұрпақ, жалын болып таралыңдар!
Мақтан боп ұстаздарға, мектебіңе,
Қоғамға кірпіш болып қаланыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу