Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  539


Автор: Айсырға Қилыбаева

ӨМІР – СЫНАҚ

Байқасаң, өмір – үлкен сынақ екен,
Бұл пенде бір-ақ рет туады екен.
Достық та, махаббат та, тіршілік те
Табысып, қоштасудан тұрады екен.
Әр адам – том-том кітап оқылмаған.
Платон Күн-Құдайдан от ұрлаған.
Дана да, әйлеңкес те, арамза да
Ажалдың құрығынан құтылмаған.
Басынан кім-кімнің де өтер жалған,
Күз – көшкін, көктем – өмір бүрін жарған.
…Сұр мысық тал түбінде бұғып отыр,
Сәуріктей піштіріліп, шеттеп қалған…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу