Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  94


Автор: Айсырға Қилыбаева

Қан қайнаған жүректен жыр тасиды...

Қан қайнаған жүректен жыр тасиды,
Қанның жыры жылытар мың ғасырды.
Ал қарыны су ішіп, нан шайнаған,
Жасамыс жыр – аңшының бір басуы.
Мықты емес қаламұш қауырсыннан,
Көк сияны ақ қағаз ауырсынған.
Аласа екеніңді сезінесің
Биікке бойын созған самырсыннан.
Өмірдің ақ пен қара жолағы көп,
Қиялым қияларды шолады көп.
Көргенде бабалардың көшкен жұртын,
Запыран жүрегіме толады кеп…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу