Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  78


Автор: Айсырға Қилыбаева

Аспан ортақ саған, оған, маған да...

Аспан ортақ саған, оған, маған да,
Өмір тәтті, өмір ащы адамға.
Кейде сыймай, қусырылып қаласың
Айды аймалап, күнді құшқан ғаламға.
Өмір ащы, өмір тәтті адамға,
Ащы, тәтті алысады алаңда.
Бірін-бірі толықтырып жатады,
Молшылық та, таршылық та ғаламда.
Балқарағай көкке бойлап өседі,
Өз тағдырын әркім өзі шешеді.
Арманына қарсы келер тағдыры,
Адамдар бар маңдай соры бес елі.
Кейде түтін, кейде жалын, оттымын,
Қорғанатын хандығыммен мықтымын.
Біреу үшін – байлығым бар бағалы,
Біреулерге – көк тиындай жоқ құным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу