Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  88


Автор: Айсырға Қилыбаева

ҚАБІР БАСЫНДА

Мұнда менің аяулы жатыр анам,
Жетімдікпен көп бейнет арқалаған.
Ешкімге де қиянат ойламаған,
Жаны жайсаң, көңілі дархан адам.
Мұнда менің дамылдап жатыр анам,
Адал жүрек, ақ пейіл аңқылдаған.
Тірлігінде босаңдық көрсетпеген
Менің анам – қайратты, батыр адам.
Мұнда менің аяулы жатыр анам,
Кере қарыс маңдайы жарқыраған.
Нұр мүсіні жүректен өшпейтұғын,
Баға жетпес мен үшін алтын адам.
Мұнда менің дамылдап жатыр анам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу