Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  88


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖАЛҒЫЗ ТОРҒАЙ

Ауыр бұлттар аспанды торлап алған,
Күз жаңбыры суық-ақ сорғалаған.
Бүрсеңдеп жүр панасыз жалғыз торғай,
Әр бұтаққа бір қонып, қорғалаған.
Жалғыздықтан жүрегі жараланған,
Суық ызғар өн бойын аралаған.
Қалтырайды қорғансыз жалғыз торғай,
Өз тобынан айрылып, дара қалған.
Қатты жаурап денесі қалтыраған,
Жүдеу, шық-шық күлкісін сарқып алған.
Сұлу көктем желпіп таң самалымен,
Жаз-жанынның жылуын тартып алған.
Жалғыз торғай...
Япыр-ай, нетер екен?!
Серіктерін зарығып күтер ме екен?
«Алыстаған шаттығын қуамын» деп,
Әлде өзі де мерт болып кетер ме екен?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу