Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  82


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТІРШІЛІК

Заманның қулығы көп зәнталағы
Жымқырып, әркім сөзін қайталады.
Өмірде өзі ойлап, түйін түйген
Абайша сөйлеп, шынын айта алады.
Тірліктің мен де өзімше сырын ұқтым,
Төрінде Дала дейтін ұлылықтың.
Тәтті ішіп, ащы ішіп, мұз да жалап,
Күннің ақ шуағына жылыныппын.
Саналы адам дейтін құндылықпын,
Жанарға ай сәулесін тұндырыппын.
Түбіне сіңіп кетіп, шыға алмадым,
Шегі жоқ қиял дейтін тұңғиықтың.
Кейде тоқ, кейде орта, босап қалам,
Кейде әлсіз, кейде зорға ұсап барам.
Арасы жер асты мен жер үстінің –
Өлшеп бір қарасаңыз, үш-ақ қадам.
Біреу от, біреу көкке табынғанын
Көрдім де, тіршілікті пайымдадым.
Келгенін бір адамның көргенім жоқ,
Аралап арғы беттің ауылдарын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу