Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  95


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

АШУ МЕН АҚЫЛ

Ашуы түскір асқынып кеткен шағында,
Дүние түгел айналып кетер сағымға.
Тасып бір кетіп, асып бір кетіп, ісініп,
Жөніне қалар адамдық пенен кісілік.
Ал, ақыл, сені қалпыңа қайта түсіріп,
Өзінді-өзің отырасың сонда түсініп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу