Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  69


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Қия шыңға көкпеңбек...

Қия шыңға көкпеңбек,
Құлшынамын жетсем деп.
Шығып белге қараймын,
Құшып күннің арайын.
Қанат етіп арманды,
Шығам шарлап бар маңды.
Мүмкін, жолда мекенім,
Мүмкін, шыңға жетемін.
Ентелеймін тағы да,
Со асқарды сағына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу