Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  90


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

СӨНБЕСІН АРМАНДАР

Арманнан арман туындап,
Алқынып алға ұмтылды.
Құлағы бітіп шуылдап,
Жетем деп шыңға жұлқынды.
Көздерін қара тер басып,
Табаны тастан сырғанап,
Қолға ұстар жерден жармасып,
Дүниеге тұрды бір қарап.
Өмір-ай, неткен тәтті едің,
Мақсат та ырық бермейді.
Місе бір болмай жеткені
Тағы да қанат сермейді.
Тағы да кетті өрмелеп,
Алқынып өкпе қабынып.
Жетелеп алға тағы үміт,
Биікті тағы сағынып...
Біреулер тыным алады,
Өзі бір жеткен биікте,
Далада-ақ даңқы шықты ғой,
Жез тұяқ дүлдүл киіктер.
Дәлірмен, жаным, даңқ қуып,
Арманнан бірақ ада емен.
Өзіңмен, елім, биікпін,
Өзіңмен, далам, адам ем.
Бітпейді мүдә өмірде,
Таусылмайды екен армандар.
Сөнбесін, дәйім, армандар,
Алауды алға жалғандар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу