Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  88


Автор: Медет Дүйсенов

ҚАДІРІ ЖОҚ АДАМНЫҢ...

Сұрықсыз ой санасын торлады да,
Оңалмастай құлаған, орға –күнә.
Ойына алып оны ешкім іздемейді,
Бұл өмірде болды ма, болмады ма.
Жауын жырып қабірін, күзгі нөпір,
Сыпсыңдайды суық жел, үздіге құр.
Құлқы басқа, аумаған дәл өзіндей,
Құлпытаста қонжиып құзғын отыр.
Туған жердің талақ қып тасы да, ана,
Тұрғандай-ау жерініп (ашына ма...)
Қалғандарды, тағдыры қайғыртпады,
Барған жанды білмедім басына да.
Көргендеймін сүдінін бір кинодан,
Тірісінде қайыр ғып, нұр құймаған.
Қадірі жоқ адамның, қабірі жоқ,
Сияқтанып тұрады ылғи маған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу