Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  98


Автор: Медет Дүйсенов

КӨКТЕМІҢМЕН ҚОШТАСПА

Көз тоймайды қарап дарқан далаға,
Бұл дүние неткен әсем, неткен кең!
«Қош бол, көктем!», - деп айтпашы, жан аға,
Қоштасуға бола ма ерте көктеммен?!
Қатал тағдыр тұяғымен тарпыған,
Қайғыны да ұғам мынау әжімнен.
Көбіне-көп шабыттанып шалқыған,
Өміріңнің көргендеймін жазын мен.
Жүргеңнен жыр жұлдызы жиі ақты,
Көп түніңді өткерумен көз ілмей.
Сенің жырың Іле ағысы сияқты,
Жай жылжыған, асыққаны сезілмей.
Жылдар өтер. Жасытпайды бұл бірақ,
Өзеніңмен сен егізсің бұл күнде.
Мөп-мөлдір боп ағып жатқан сылдырап,
Ақын Іле қартаюы мүмкін бе!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу