Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  69


Автор: Медет Дүйсенов

СЕН МЕНІ СҮЙГЕН ЕДІҢ

Бақытымды тіледің күнде менің,
Қуанышқа жанымды мың бөледің.
Қыз жолының жібермей нәзіктігі,
Сүйе тұрып сен мені, үндемедің.
Үндемедің, сен солай сүйіп тұрып,
Мәртебеңді қайда да биік қылып.
Ақша бетің қызарып кездескенде,
Жанарыңмен жүрдін ғой жиі ұқтырып.
Сезімің бе сұрапыл сүйрелеген,
Бірде, қалқам, менімен билеген ең.
Таныттың-ау өр мінез, ағыттың-ау,
Жан сарыңды талайғы түймелеген.
Қарындасым, сен мені кінәлама,
Қалам, қимас айналып бір ағаңа.
Дәл өзіңдей ақерке бұлағым бар,
Арна аңсамай бұл жүрек, тұра ала ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу