Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  354


Автор: Медет Дүйсенов

КӨРШІЛЕР

Тілегі бір, жаны басқа шығарда,
Жүрегі - нұр, туысым боп тұрар ма!?
Адам түгіл, бірін-бірі сағынып,
Шақырады жағы сенбей ұлар да.
Болса-дағы ақыл мен күш көмекшің,
Жанында дос жүргеніне не жетсін.
Тағдырыңның таразысы теңселсе,
Көңіл демдер қайран көрші керексің.
Пейілдері ұқсайтұғын айдынға,
Көршілерді көрсем, құшақ жайдым да.
Бірге болар, таңша ататын шаттықпен,
Қабырғанды қаусататын қайғында.
Қуалаумен сан сүгірет елесін,
Адамдарға түрлі баға бересің.
Қынжыласың көрші құрлы жоқ па деп,
Кей жақынға көрсетпеген төбесін.
Өкініштің орны толмас, өкпелеп,
Көңіл ғой бір, одан үлкен жоқ көмек.
Жалғыз ауыз жылы сөз ем – жүрекке,
Қиын сәтте, бауыр болсаң, кет демеп.
Көре алмайтын, кісілігі жартылау,
Ағайыннан, біле-білсең қартым-ау:
Қарлығаштай қанатымен су сепкен,
Көк үйдегі көршілерің артық-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу