Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  169


Автор: Медет Дүйсенов

Бұрала басып сәнменен...

Бұрала басып сәнменен,
Мойынға моншақ жүрдің сап.
Жарқыраушы еді сәулемен
Моншақтар құйттай күнге ұқсап.
Құдірет бітіп бізге ерек,
Жүздессек жандық лапылдай.
Ақ моншақ жырды тізбелеп,
Толғанып жүрдім ақындай.
Жадымда, қалқам, жанында
Көміліп нуға жатқан шақ.
Сазандай бұлқынғанында
Төгіліп қалған... ақ моншақ.
«Аяулым!» - дедім өзіңе,
Жымидың үнсіз елжіреп.
Қарадым қара көзіңе,
Тұр екен моншақ мөлдіреп.
...Зымырап неге сонша ақтың,
Жас дәурен шіркін жасындай?!
Жалт етті-ау сол бір моншақтың
Шашылып қалған тасындай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу