Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  98


Автор: Медет Дүйсенов

Арқаңда билеп салалы бұрым...

Арқаңда билеп салалы бұрым,
Төгетін нәркес жанарың нұрын.
Құлпырған қырдың қызғалдағы боп,
Сенсің бе тартқан даланың ұлын?!
Кеудемде сырлы жөңкіліп ағын,
Тыңдағам таңда шолпының әнін.
Шайқалған судай шелегіндегі,
Сезім желімен толқыды жаным.
Бақытым, бала шақтағы менің,
Арманның уыз ақ таңы ма едің?!
Құшаққа қысып қоштастым қимай,
Даланың бейне аптабы демің.
Түсімде соғып дауылды желі,
Ақ нөсер ылғи жауып жүреді...
Ару Алматы көшесіменен
Келемін аңсап ауылды, сені.
Қаланың самғап күзгі көгіне,
Қаз қайтты қатар тізді де, міне.
Толғанып тұрмын Төлегенге ұқсап,
Жетсем деп қазір Қыз Жібегіме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу