Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  73


Автор: Медет Дүйсенов

ЖЕР АСТЫ СУЫ

Жер асты суы...
тағдырың,
Ойлантып мені тастады.
Сезімнің төкті жаңбырын,
Жанымның мөлдір аспаны.
Шараға сыймас қайран шақ,
Жарқ еткен күндей айдыны!
Төсінде жердің сайрандап,
Жанады бағың қай күні?!
Шықпайсың атып,
беу неге,
Қыртысын жердің пергілеп!
Бұлқынған,
қамал – кеудеде,
Сияқтымысың сен жүрек.
Жатсың-ау тулап құлындай,
Ынтық боп мынау өмірге.
Аруға сонау, сырымдай,
Айтылмай қалған көңілде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу