Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  62


Автор: Медет Дүйсенов

АЙСБЕРГ

Шаттандырып сүйресе де сері күн,
Көңілімнің басамын кеп желігін.
Айсберг жасырады тереңге
Денесінің үштен екі бөлігін.
Адамдарға бір ұқсастық көрем де,
Ерік берем еркімді алған өлеңге.
Арамызда кішіпейіл жандар бар
Жататұғын тағылымы тереңде.
Терең болу қай кезде де ерге сын,
Ұстай білгін сезім-тұлпар делбесін.
Айсберг – даңқ құмарға бір мектеп,
Ұлылықтар көтермейді кеудесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу