Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  97


Автор: Медет Дүйсенов

ШЫҢЫРАУ

Үстірттің төсін шарлағын,
Арала жаяу, бар ұзақ.
Тақырдай құрғап тандайын,
Алады сынап аңызақ.
Бекерге күтпе көк нөсер,
Жігіттің болсаң берені.
Шыңырау құдық кездесер,
Қырық-елу құлаш тереңі.
Қос қолды, батып шымбайға,
Тай қарын қауға талдырар.
Тер төгіп шөлін мұндайда,
Қайсарлар ған қандырар.
Шыңырау сені тергейді,
Бермейді суын теп-тегін.
Емессің бе егер ебдейлі
Тата алмай дәмін кеткенің.
Болса да қиын, құрбам-ау,
Су тарту керек, соны ойла.
Адам да бейне шыңырау,
Сыр тарту одан оңай ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу