Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  73


Автор: Медет Дүйсенов

АНТРОПОЛОГ

Қаңқа сүйектен қалпына келіп,
«Тіріліп» қайта қаз тұрады өлік.
Тылсым тұлғамен тілдестіретін
Антрополог, антрополог.
Мүсіндер мынау – мұра бұл ерен,
Шабыттан туған сұрапыл өлең!
Шарлайсың талай дәуірдің көшін,
Самғайсың қиял пырағыменен.
Тосқандай көзге кезеңді шапқын,
Жауынгері тұр ежелгі Сақтың.
Бағзы бейнелер...
ал анау жүзді,
Ай маңдай ару гөзелге ұқсаттым.
Шаттықтан бүршік жарып гүлдесең,
Ағат та болмас алыппын десең.
Шыңырауларда жатқан шындықты,
Шығасың сүйреп жарық күнге сен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу