Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  72


Автор: Медет Дүйсенов

БҰЛ, СЕН БЕ?!

Бұл, Сен бе, жүрегімнің гүлі деген?!
Кеудемді жіберетін қылып өлең.
Шарт сынған сенім – шөлмек сынығы едік
Қиюуын қалай таппақ, шыныменен?
Сілкінді, есіне алып сана пақыр,
Ашылды – ау жан дүнием, жараң ақыр...
Дауылға тап болғандай көңіл-кемем,
Шайқала, батып-шығып бара жатыр!
Ұшыпты-ау, аққу құсым көлін беттеп,
Меңдей мұң ұялапты өңінде ептеп.
Емес пе ек, қақ жарыла аққан өзен,
Тағдырдың екі тарау жолы иектеп.
Сенбісің, қалай ұғам тұрысынды?!
Бітірмей кетіп пе едің бір ісінді?
Ойыма жастық-көктем оралды да,
Бойыма жанарыңның нұры сінді.
Жоғалып, жанды жаулап алған жарық,
Қармалап қараңғыны қалғам налып.
Тұрмын мен, мезгіл атты құдіреттің,
Көрсеткен ғажабына қайран қалып.
Алмастан тұрыппыз-ау, жай да сұрай,
Атқан таң секілденген қайда шырай?..
Үрпиіп неге тұрсың үрке қарап,
Үкідей үлпілдеген қарғашым-ай?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу