Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  66


Автор: Медет Дүйсенов

Тізгін ұстап, қонғанмен бүгін ерге...

Тізгін ұстап, қонғанмен бүгін ерге,
Ұзынымнан түсермін ұлы жерге.
Қаламымнан қалған із құштар қылып,
Үмітпенен ұрпағым үңілер ме.
Тыныштық жоқ санама тегі менің,
Жыр соқасын сүйреуге жегілемін.
Өрекпіген ойларым, өзендегі,
Быт-шыт болған сеңдердей, сөгілемін.
Күрсінемін, өкпелеп өзіме-өзім,
Түршігемін, ұялап көзіме мұң.
«Жете алдым ба жұртымның жүрегіне,» -
Деген ойдың салмағын сезінемін.
Қақпан шабар сәтінде, кезі келген,
Талай жерде айтылмай сөзім өлген...
Талай жерде жол бердім жолдасыма,
Шығар шақта өрмелеп өзім өрден.
Ессіз күнде жоқ белгі, есінеген,
Өрнек іздеп ойланам, несіне мен?!
Көңілімнің гүл егіп қыратына,
Енші келіп кеудеме, есіл өлең!
Жүрегім – көл, жағасы жалбыз еді,
Айдынында аққудай ән жүзеді.
Қара бастың қамы емес, халқым үшін,
Жазылған жыр-жанымның жалғыз емі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу