Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  86


Автор: Медет Дүйсенов

Көрінбейді жаздың әсем ақ таңы...

Көрінбейді жаздың әсем ақ таңы,
Жапырақ құс жерге қонды бақтағы.
Бас салардай тас төбеден төніп кеп,
Бура бұлттар көкте тыным таппады.
Жұпар шашқан жоғалыпты түз гүлі,
Томсарады қабақ түйіп күз күні.
Ол мазасыз болмай қайтіп тына алар,
Қыс қолында кетеді ертең тізгіні.
Күз батырың қыс айымен тіресіп,
Жел-семсерін, оңды-солды жүр есіп.
Адам түгіл табиғаттың өзі де,
Жатады екен өмір-бақи күресіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу