Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  55


Автор: Медет Дүйсенов

КӨКТЕМ ҚАРСАҢЫ

Құштарлық сезім жетелеп мені көктемге,
Жабысам жалға, жел-тұлпар желіп өткенде.
Тершіпті айна көлдердің мұзды маңдайы,
Күннің еріні күңгейден келіп өпкенде.
Қыз емшек таулы, керілген сайын далам-ау,
Қашан да сенің мен үшін жайың даралау!
Жасыл көйлегі желбіреп, жолдың бойында,
Алдымнан шығар ақ балтыр қайындар анау.
Бүрісіп қалған, боранды бұршақ ұрғанда,
Құмаршық тағы қаулар-ау құм-шағылдарда.
Жас өскін бүршік түрткілеп, тұман пердемен,
Көлегейлейді қымсынып құрсағын дала..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу