Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  181


Автор: Мырзатай Болат

КЕЛІН КЕЛДІ АУЫЛҒА

Той да келді біздің ауылға,
Біздің ауылға.Барша қауымға.
Жетті, міне, келін де,
Сәлем салып туыс-бауырға!..
Қайырмасы:
Ей, келінжан!
Ей, келінжан!
Құтты болсын қадамың!..
Асыл қарағым!..
Осы ауылда көрер қызығың,
Жастық қызуың. Сүйген «бұзығың»...
Ұрпағың да осында,
Осы ауылда өмір-сызығың!
Қайырмасы:
Ей, келінжан!
Ей келінжан!
Тау боп шашу шашылсын!
Бағың ашылсын!
Қызықпашы байлық жиғанға,
Оған иланба! Ұмтыл иманға!
Жақсылық пен жамандық
Бір басыңа, шіркін, сыйған ба?..
Қайырмасы:
Ей, келінжан!
Ей келінжан!
Анасы бұл ауылдың!
Туыс-бауырдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу