Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  50


Автор: Мырзатай Болат

КІТАПЖАПҚАН

(Ізтұрған Ахметтің шығармалар жинағына – соңғы сөз).
Ізтұрғаным!..Жинағың бар-ізің бар!..
Ізің барда: салмағың бар – тұзың бар!..
Бұл кітабың - өміріңнің мысалы:
Тәттің де бар, қаттың да бар – мұзың бар!..
Прозаңда – мұңы басым сырың бар...
Сатираңда – біразырақ «жының» бар!..
Бұл кітапта – сағынышы достардың!..
Ер көңілің – азаматтық үнің бар!..
Кітабың бар – Сенің енді Күнің бар!..
Сөзің аман- ұмыт қалмас түрің бар!..
Жұртың үшін – шаршап едің тірлікте!..
Шаршағанға: Мәңгілік бар – Тыным бар!..
Әумин!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу