Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  63


Автор: Мырзатай Болат

ЖАҢБЫР КҮТКЕН

Жаңбыр жаумай шілдеде –
Күтіп едік «бірдеңе»...
Шық-шылауда болмадыТостағаным толмады!..
Шаттандырмай жүректі –
Тамызым да құр өтті.
Жер – Ананы жүдеттіТөбемізден күн өтті...
«Бірдеңеміз» іздеген –
Бірге келді күзбенен!..
Дүбірлетіп жер-көкті!..
Келе мінез көрсетті!..
Бұлттарды жел тақымдап –
Аспан жерге жақындап –
Бола қалды тып-тыныш –
Осынысы дұп-дұрыс...
Көк күмбезі күмбірлеп –
Сөйлеп берді дүңгірлеп...
Миллион тамшы алысып –
Жерге асықты жарысып!..
Құмандатып төкті кеп!..
Тұмандатып төкті кеп!..
Нөсер болды ересен-
«Күзгі жаңбыр» демесең!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу